Бостандық – Нұрлан Мәукенұлы

Бұл бетте «Бостандық» атты Нұрлан Мәукенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.12.2019
  • 0
  • 1
  • 30952
Бостандықта сүрдiк пе бiз көп ғұмыр?
Азғана күн сәулелi үмiт төктi нұр:
Әлсiз шуақ қарт қазақты жылытып,
Жас қазақ сол бәсең отты сөктi бiр..

Жасамыс жан «шүкiр», дедi бүгiнге,
Жас арыстан, жан ашумен бүлiнбе,
Жаңғырамыз, дедi, түптiң түбiнде...
Парасаты тұнып тiл мен дiлiнде

...Парқы жетсе, нарқы кетпес сөздi ұқты.
Жастық жалаң қолмен алмас кездi ұқты...
Ұмытпауды ескердi алға басқанда,
Ту сыртынан қадалатын кездiктi...

Бұл Қазақпен танысыңыз әуел, Сiз.
Қазақ қазақ болғалы шын тәуелсiз.
Ел мен жерге еге, бүгiн көрiңiз,
Сүйiнiңiз, дос елсiз я жау елсiз.

Мекенiндей көңiлi кең халықтың,
Аспанынан нұрын құйды жарық күн.
Еш жарлығы жүрмейдi ендi Мәскеудiң,
Iске аспайды қулығы Ханбалықтың.

Егемен ел – жасыл туы жайнаған.
Егемен ел – қонаққа түс шаймаған.
Тағдырыңа «шүкiр» деуiн десем де,
Тiрлiгiңе түйiлiп, көп ойланам...


Пікірлер (1)

Аяулым

Өте жақсы керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бостандық өлеңінің авторы кім?

Нұрлан Мәукенұлы — осы өлеңнің авторы.

Бостандық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бостандық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрлан Мәукенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бостандық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар