Жырларым менің – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жырларым менің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жырларым менің – жылыстап кеткен жылдарым,
Сілкінтіп таудың көшкінін, сеңін, шыңдарын.
Келешек ұрпақ, келетін барлық ғасырға,
Жырларым менің – ақтарып кеткен сырларым.
Жырларым менің ән болып тербеп өлкені,
Мұхитты шарлап, дауылда ойнар желкені.
Жырларым менің қуаныш болып күтпеген,
Көтерер көкке қасірет басқан еңсені.
Жүдеме жаным, жүдетіп алма жырыңды,
Жүдесең, жаным, шертпессің жүрек қылыңды.
Талмаурап тағы бір таңың атып келеді,
Талықси бермей, қарсы алшы келер күнінді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері