Өлең, жыр, ақындар

Бабалар арманы

Егемен ел болуды аңсап бабам,
Жауларын жерімізге жолатпаған.
Көзінің қарасындай қорғаштаған,
Ұрпаққа ұлан ғайыр жер қалдырған.

Кешегі Кенесары, Абылайлар,
Қабанбай, Бөгенбаймен, Наурызбайлар.
Орысқа ақылымен қарсы тұрған,
Жоңғарға жолбарыстай қарсы ұмтылған.

Махамбет, Исатай мен Сырым батыр,
Жанқожа, Амангелді, Есет батыр.
Халықты қан қақсатқан жауыздарға,
Қатыгез би, патшамен, сұлтандарға,
Қол жиып, қарсы тұрып, көтерілген,
Жұртының мүддесі үшін күресумен.

Алаштың арыстандай арыстарын,
Әлихан, Сәкендердей асылдарын.
Айыптап, жала жауып қылмыскер деп,
Аяусыз қызыл үкімет жазаладың.
Қазақтың тілі, діні жойылмасын,
Қазақтың ар намысы тапталмасын.
Ел болсақ керегіміз берік, мықты,
Өзге ұлт бізді қорлап басынбасын.
Алаштық зиялылар осылай деп,
Сұм үкімет қаһарына ұшырап ет,
Жазықсыз жала жауып, айыпталып,
Қиналып, азапталып атылып ет.

Аштықты, соғыстыда көрген халқым,
Саныңды кемітпесең, арттырмадың.
Жасалған қастандықпен сол аштықтың,
Зардабын қайран халқым өзің тарттың.
Солақай саясаттың салдарынан,
Бұлыңғыр халге жетіп болашағың.

Бауыржан, Сағадатпен, Рақымжандай,
Әлия мәншүк пенен Хиуаздардай.
Ер жүрек ұл қыздарың қанын төккен,
Есімін ерлігімен жазып кеткен,
Қан майдан қанша өмірді қиып кеткен,
Жеңіске оңайлықпен қол жетпеген.
Мәскеудің түбіндегі шайқастарда,
Қазақтар қайсарлығын танытқанда.
Бойында тектілікпен, намысы бар,
Сөнбейтін кеудесінде жалыны бар,
Қаһарман қазақ халқы ешқашанда,
Бас иіп, мойын сұнбас дұшпанына.

Қайраттай қазағымның қайсар ұлын,
Ләззаттай қазағымның батыр қызын.
Өрімдей қазағымның ұл қыздарын,
Тағыда сұм биліктің өкілдері,
Колбиндей жағымпаздар, шенділері.
Жастарын желтоқсанның нашақор деп,
Ақыл-есі ауысқан жындылар деп,
Аязда шаштан сүйреп, теуіп, төпеп,
Сапермен, мұздай суық қару кезеп.
Аяусыз ұрып сабап қинағат ет,
Иттерге талатқызып қорлаған ет.
Жартысын абақтыға жапқызып ет,
Жартысын қоқыс сынды лақтырып ет.
Қайратты кінәсіз деп елді алдап,
Түрмеге жапқызғанда қастандықпен,
Шындықты барша жұрттан жасырып ет.

Ұлт жанды ағаларым шырылдаумен,
Шаханов Мұхтар ағам бастауымен.
Желтоқсан мәселесі қозғалып ет,
Колбиннің бет пердесі ашылып ет.
Шындықты билік күшпен жасырып ет.
Кремльде сөз сөйлеген Мұхтар ағам,
Желтоқсанның ақиқатын жайып салған.
Ұлтының ар, намысы тапталғанда,
Биліктің қаһарынан жасқанбаған.
Желтоқсан құрбандары ақталып ет,
Біраз сыр Мұхтар ағам ақтарып ет,
Сырлары ашылмаған әлі көп ет.

Тоқсанбірде егеменді ел атанып,
Елбасын ұлықтадық басшы қылып.
Бір ауыздан сайладық, дүйім халық.
Елбасына зор үмітпен, сенім артып.
Бабалар аңсап келген егемендік,
Бақ болып қазағыма қонды дедік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар