Зайсан көлі. Жағалау
Бұл бетте «Зайсан көлі. Жағалау» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қанатында қалқи беріп дүрмектің,
Көптен бері жалаңаяқ жүрмеппін,
Көптен бері жерге тимей табаным,
Көптен бері жаяу өмір сүрмеппін.
Жағалаудан желге ілескен шаңдаймын,
Самғаймын да жер мен көкті жалғаймын.
Аш адамға берсем — берем үзім нан,
Бақытсызға бақыт бере алмаймын.
Қолы жоққа созсам дағы қолымды,
Тауып бере алам ба мен жоғыңды.
Дәрі де емес тамызатын науқасқа,
Менің жырым жеңе алмайды өлімді.
Тұрмын бүгін жаға — жардың үстінде,
Құдай білер
құдірет пен күш кімде.
Пақыр болдым түк келмейтін қолынан,
Жерге кірдім жер бетіне түстім де.
Желкендіге жерде жүру обал-ау,
Алдың-артың: айтыс, айтақ, абалау...
Түйір шаңың қайта келіп қонғанын
Сездің бе сен,
Алтын құмды жағалау?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі