Бес қаруым – бес парыз!!! – dias7a

Бұл бетте «Бес қаруым – бес парыз!!!» атты dias7a жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құрандағы жөніне аят қалып,
Ғұмырымыз барады аяқталып.
Өткіземіз бос іспенен уақытты
Бес минуттық намаздан аяп қалып.

Ұқпастан Исламның мәнділігін,
Кейбір кезде арамзаға тән қылығым.
Арасында ұмытып кетеміз-ау,
Тозақ пенен жұмақтың мәңгілігін.

Неге біздер алмаймыз ғажаптан мән?
Дүниеде онсыз да аз-ақ қалған.
Өкініп қаламыз-ау кезімізде
Қабірдің азабында азаптанған.

Жұмақтан асқан бізге тұрақ бар ма?
Қабір деген сынақтан құлап қалма.
Мүмкіндігің барында жауап ізде
Мункир, Накир қоятын сұрақтарға.

Өмірдің қызығынан бас алмасаң,
Өмірің – еш, жұмақ құлпын аша алмасаң.
Мың көпірден өткеніңнің пайдасы жоқ,
Қыл көпірден, егер де, аса алмасаң.

Қате сөз адастырар анық көпті,
Көп адам жалғандықпен жанып кетті.
Тозаққа сенбейтіндер былай дейді:
«О дүниеге қай пенде барып кепті».

Өскің келсе иманменен өс бауырым,
Жәннатқа асық, әбден мүмкін, кеш қалуың.
Алланың жолына түс дайын болып,
«Бес парыз» - деп аталатын «Бес қаруың»!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар