Өлең, жыр, ақындар

Түсімде сені...

Қиялым шынайы боп көріне ме?
Сен жайлы түстерімнің көбі неге?
Өзіңді көріп жүрген түстің бəрі,
Айналатын шығар бір күн өңіме де.

Жүрек сені түнде іздеп сенделеді,
Жаныма тек өзіңсің ең керегі.
Көзімді жұмсам болды сені көрем,
Түсіңде көресің бе сен де мені?

Түсімді алса сен жайлы ғалам қамап,
Жүректе үміт тұрады, санамда бақ.
Түсімде түнде сені көріп-көріп,
Күндіз де жалықпадым саған қарап.

Өңдей емес түстердің тайғанағы-ай,
Мені алып барады қайда қарай?
Шашыңнан аппақ шығар түнгі аспан,
Жанарыңнан қараңғы айдағы арай.

Түндегі сен арайсың жарығы мың,
Дəл сендей кім түсінер жан ұғымын?
Оянғанда есіме сен оралып,
Сені ойлап көзді жұмдым тағы бүгін.

Сендік түске түстерім боялғанда,
Қиял-қанат бітеді ой, арманға.
Түсімде ылғи сені көрер болсам,
Дайынмын өмір бойы оянбауға...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз