Жалғыз қайың
- 0
- 0
Жел өтінде сыңсыған жалғыз қайың,
Жалғыздығың жаныма салғызды уайым.
Еркелесең болмай ма есімді алып
Ентелеген қойныма балдыздайын?
Бұл бетте «Кітап-алтын қазына» атты Айтқұл Диана жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жел өтінде сыңсыған жалғыз қайың,
Жалғыздығың жаныма салғызды уайым.
Еркелесең болмай ма есімді алып
Ентелеген қойныма балдыздайын?
Қар жауып тұр... Перінің қанатындай,
Көкке көзін сатады қала тынбай:
Тапшылықтан тауқымет тартқан жұртқа
Жақсылықтан бір хабар алатындай.
Қар қонып жапыраққа қалыпты шын,
Қар жауса, келгені ғой анық қысым.
Құп-құйттай кеудемдегі ғаріп құсым,
Жабықсаң, жанарыңды жарыққа ұсын.
Қабіріңді, ана, қар басып қалды,
Қар басып қалды – əппақ қар.
Өлім мен Өмір арбасып мəңгі,
Алдыңнан шығар соқпақтар...
Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау,
Демейсің алдымда жаз, көктем бар-ау.
Айрылған ажарынан, базарынан
Бірауық аясаңшы бақтарды анау.
Көрсем екен тезірек Көктем басын,
Көзіме оттай басылып бөктер жасыл.
Оңды-солды бишігін сілтеп қалып,
Көкорайға түссе екен көктен жасын.
Модератор
Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек. Ілмектер үтір арқылы қойылады!
Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді де басып жіберсеңіз (жазудың үстіне басу керек).
Қаламды басып өңдеуге болады.