Өлең, жыр, ақындар

Алтын адам – тәуелсіз Қазақстанның символы

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғыртқанымыз баршамызға аян. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая¬сат¬тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында кеңінен тоқталып өткен. Ал сондай құнды жәдігерлердің бірі Алтын адам – қазақ тарихының ажырамас бөлігі. 1969 жылы Есік қорғанынан табылған табылған алтын адам – ұлттық тарихты жаңғыртудың көзі болды. «Алтын адам», «Қанатты барыс» бүгінде ұлттық кодымыздың символы іспетті.
Алтын адам тек өнер туындысы ғана емес, сақ заманының өмірінен хабар беретін бағалы тарихи жәдігер. Алтын адам тәуелсіздік символы болғандықтан , оның көшірмесін тек қана үлкен қалалар мен музейлерде ғана емес, еліміздің бүкіл халқы тамашалай алатындай қоғамдық орындардан орын алса деген ойым бар.
Қазақ елін әлемге әйгілі еткен , тұтас бір дәуір мәдениетінің айнасы болған Алтын адам төрт мыңнан астам алтын әшекейлермен көмкерілген. Оның жанынан табылған күміс ыдыстардағы жазулар сан ғасырлар бұрын қазақ даласында жазу-сызу дәстүрінің болғандығын айшықтайды. Біз мұнымен мақтанамыз. Мақтануымыз да керек. Бүкіл әлемге Тутанхамон қалай әйгілі болса, Алтын адам да дәл солай әйгілі болғанын қалаймын. Ал ол үшін қандай әрекеттер жасалуы қажет?
Біріншіден, өзіміздің еліміз, өзіміздің өлкеміз, өзіміздің ауылымыздан басталу керек деп ойлаймын. Сондықтан әрбір аудандағы бір мектепке Алтын адам есімі берілуі тиіс. Сонда бұл жәдігенрді зерттеп, қызығушылар көбейеді.
Екіншіден, біздің ел әртүрлі металдар мен табиғи байлықтарға бай ел. Сондықтан алтын шығаратын зауыт ашып, оны шетелге сол атаумен экспорттау қажет.
Үшіншіден, шетелге шыққан спортшылардың киіміне Алтын адам бейнесін эмблема ретінде бейнелеу қажет.
Айта берсем, бұл тізім жалғаса беретін түрі бар. Сондықтан, елін сүйетін әрбір азамат тәуелсіздігіміздің символы - Алтын адам бейнесін әрдайым кез-келген мемлекеттік рәмізді қастерлегендей қастерлеп, ұлықтап жүруі тиіс.



Пікірлер (1)

Модератор

Өлеңдер бөліміне емес "мақала қосу" деп енгізу керек еді(егер өлең болмаса).
Ілмекер үтір арқылы қойылады.

Пікір қалдырыңыз

Жемқорлықты қалай жеңуге болады?

  • 0
  • 1

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып,
қатып қалған дүние емес,
үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті.
Ол өмір сүру үшін заман ағымына...

Толық

Қарап көріңіз