Ұстаз деген - анаң – Конарбек Абылайхан

Бұл бетте «Ұстаз деген - анаң» атты Конарбек Абылайхан жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ұстаз деген - анаң,
Ұстаз деген – данаң.
Ұстаздардың үлгісін
Алған барлық адам.

Ып-ыстық ұстазымның алақаны,
Қашанда ойлайтыны бала қамы.
Білгенін үйретуден жалықпайды,
Кеткенше қанат қағып балапаны.

Білімнің нұрын төгіп жанарынан,
Шашады алтын сәуле ажарынан.
Шырылдап шәкіртінің ертеңі үшін,
Көз ілмей талай-талай таң атырған.

Мектебімнің дәстүрін мақтан етем,
Білімнің де шыңына мақтап жетем.
Есейгенше «балам» деп әлпештеген,
Ұстаздардың үмітін ақтап өтем.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді де басып жіберсеңіз (жазудың үстіне басу керек).
Қаламды басып өңдеуге болады.
Сайысқа автордың өзі қатысуы керек!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаз деген - анаң өлеңінің авторы кім?

Конарбек Абылайхан — осы өлеңнің авторы.

Ұстаз деген - анаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстаз деген - анаң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ұстаз деген - анаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар