Біз неге Алматыны сағынамыз
Бұл бетте «Біз неге Алматыны сағынамыз» атты Бибіт Нұрмұхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bibit
- 09.01.2020
- 0
- 1
- 3995
Біз неге Алматыны сағынамыз,
Жүрекке сезім отын тамызамыз.
Ғашықтар қаласы болғасын ба,
Сол жаққа алып-ұшып асығамыз.
Біз неге Алматыны сағынамыз,
Махаббат айдынында жолығамыз.
Екеуміз мекен етіп — Көктөбені,
Ғашықтық жыр-ән болып жазаламыз.
Біз неге Алматыны сағынамыз,
Бармасақ меңіреу боп қамығамыз.
Кешінде Алматының жүздеспесек,
Сыңарсыз Аққудай боп торығамыз.
Біз неге Алматыны сағынамыз,
Мұң жұтқан пенделердің қалпындамыз.
Әзірге біздің ара алыс білем,
Бір күні Алматы да жолығамыз.
Модератор
Сайысқа қосу үшін bilim2019 деген ілмекті қосу керек.
Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне).
Қаламды басып өңдеуге болады.