Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк
- 0
- 0
Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк,
Көңілдің шыңынан қарғыды үн.
Табиғат анаға өкпе жоқ:
Бір түске бояпты барлығын.
Бұл бетте «"Шәмшінің әні..." немесе Шәмші Қалдаяқовтың рухына» атты Jandos Tusenov жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкпеңбек, жер де көк, көк те көк,
Көңілдің шыңынан қарғыды үн.
Табиғат анаға өкпе жоқ:
Бір түске бояпты барлығын.
Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.
Тау төсі ақ көбік, ақ айран –
Қара бұлт жалайды жата қап.
Аспанда жүзеді ол дақ болып қарайған,
Сол үшін бұлт деген атақ ап.
...Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,
Қоя аурудан айықпаған баладай.
Кәрі шыңдар бір-біріне суысты,
Суық сәуле кезіп жүрді жағалай.
Күн шыжып тұр… бұлт келеді жөңкіліп,
Бір салқындық болғай деймін мен тұрып.
Бүкіл алап шыр еткендей болады
Тиіп кетсе ботинкаңның табаны.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі