Ағатай әулие
- 0
- 0
Айхара ашып дүниенің есігін,
Кең төріне емін еркін көсілдің.
Көз ашқаннан майдан болып көргенің,
Әруақты ерім, ұран болды есімің.
Бұл бетте «Сұрғылт бөлме» атты Мөлдір Дарханбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айхара ашып дүниенің есігін,
Кең төріне емін еркін көсілдің.
Көз ашқаннан майдан болып көргенің,
Әруақты ерім, ұран болды есімің.
Сүйе білген ар ожданмен өз елін,
Ағатайдай әулиемнің көзі едің.
Аянбадың азаттықтың жолында,
Басқыншылар зорлығына төзбедің.
Жасынан ерлікпенен болған жолдас,
Баласы Пұсырманның атың Жарас.
Нағашың Есек Мерген Адай ердей,
Ел қорғап айбыны асқан болат алмас.
Ой салған Шұбарда дос қарсы аларда,
Келемін әр жыл сайын осы араға.
Асығам атам салған мешітіне,
Жетектеп немеремді бастап алға.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі