Нарын
Бұл бетте «Нарын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңдары құм Нарынның алтындаған,
күмістей құмдары бар жарқылдаған.
Кешегі ерлер жортқан құба жонда
асқақ күй, аспандаған ән тыңдағам.
Қайырмасы: Елдікке баулыған
кеңдікке баулыған
құндағым –
ақ шағыл құмдарың.
Қайран ел,
сайран жер –
киелі құм Нарын!
Естідім құмдарыңнан дала мұңын,
тербеткен тал бесікті ана жырын.
Өзіңе қарап білем ел-жұртымның
тағдырын, тақсіретін, даналығын.
Қайырмасы.
1999
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі