Өмір-кітап – asylai_0304

Бұл бетте «Өмір-кітап» атты asylai_0304 жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір де бір шежіре кітаптайын,
Өткен әр күн оқылған парақтайын.
Ой сырласым болады түнде серік,
Талдағандай мазмұнын сараптайын.

Ұқсатамын кейде теңіз телегейге,
Шалқып жатса шатыққа бөлемей ме.
Жал-жал бұйра сенің тағдыр толқындарың,
Оңды-солды лақтырып елемейме?

Бірде жассың жайнатқан гүл өңімді,
Кенелтіп күмбір күйге көңілімді.
Айналам бәрі жақын,бәрі дос-жар,
Ақ ниетті,мейірлі қоңыр үнді.

Кейкез бір құлдыраған құр аттайсың,
Қорқытасың,бірақ та құлатпайсың.
Еркіме жібересін жұмып көзді
Еркелесем ал бір сәт,ұнатпайсың!

Шешілмеген қиын бір сұрақтайсың,
Ұстатпайсың сырғыған сынаптайсың.
Жеткендей болғанда енді сағым болып,
Көзді алдап,адым алға бір аттайсың.

Теңедім сені өмір сан құбылысқа,
Төреші өзің қатеме,жоқ дұрыспа.
Әлемді әлдилеген ұлы Анасың
Тіршіліктің буын биік тік ұста!

Қала бер,мейлі мәңгі жұмбақ болып,
Осыныңмен қадірлі қымбат болып.
Шытпашы қабығыңды жиі сен
Күлейін құшағыңда құндақталып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір-кітап өлеңінің авторы кім?

asylai_0304 — осы өлеңнің авторы.

Өмір-кітап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір-кітап өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір-кітап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар