Бұл бетте «Сыныптастарыма» атты Маржан Әлімухамед жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қапалассақ сәлден соң жарасатын,
Қиын сәтте қол беріп қарасатын.
Үзілісте үнемі қыздар-ұлдар,
Қуаласпақ ойнауға асығатын
Қайдасың балауса балғын шағым
Сағынамын өзімнің сыныбымды,
Бола алмадым әттең ай соңғы жылы
Он жыл бойы оқыған достарымды,
Қимаймын ештеңеге он бір «б» .
Ағып жатқан бұлақтай жүректегі,
Достарыңның таусылмас тілектері.
Бәріңді жақсы көрем бауырымдай
Бердияров мектебінің түлектері.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі