Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер
Бұл бетте «Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер,
Сілкінбеген пендеге тоғышарлық –
бір мешел.
Алпарысқан көп бейбақ тірлік етер тән үшін,
Тек нәпсінің қажетін өтеуменен күн кешер...
Рухың жүдеп, аш-арық құлатылса тағынан,
Нәпсі басын көтерер Ібілістің бағынан.
Тозғындауы рухыңның –
сарқылғаны намыстың,
Арылмауы деген сөз – жер бетінің лаңынан.
Қарап тұрсам айналам бес күндікке берілген,
Жетім қалған бұзаудай бір сиырға телінген.
Адамдықтың мәні де жойылады екен-ау,
Айрылған соң Аллаһтан,
Айрылған соң сенімнен!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі