Еңсеңді көтер!

Бұл бетте «Еңсеңді көтер!» атты Қадіржан Алдахов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Керек емес бұл өмірге жылағаның,
Қайғырғаның,сүрініп-құлағаның.
Шыдау керек,төзу керек бұл күнге,
Келмейді ғой әркез сенің сұрағаның.

Көтер қане басыңды,еңсеңді көтер,
Өз-өзіңді жазғырма,ол күн де өтер.
Тағдыр деген толастамас ағын судай,
Бір мезетте өзіңменен алып кетер.

Мейлі төнсін басыңа қауіп-қатер,
Бәлкім саған сынағың қатал жетер.
Өмірден безіп,таусылып тағатың,
Ушығып кетер жағдай бұдан-бетер.

Не болды саған,сынды ма сағың?
Ойлайсың іштей: «Ашылмай бағым»,
Қателесесің,кеш емес әлі
Тезірек берілме,сынбасын сағың.

Жігерлендір ой-көңілді қалай да?!
Қуаттансаң көнбеске қалмас солай ма?
Өз-өзіңді қолға алмасаң егер де
Тіріліп денең,бойыңа қан тарай ма?

Өмір ғой қайтесің,бәрі орын алар,
Төзбесең тағдырға егер,сорың болар.
Мақсат қойсаң,талпынсаң әркез алға,
Сонда ғана арманың орындалар!

Авторы: Қадіржан Алдахов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңсеңді көтер! өлеңінің авторы кім?

Қадіржан Алдахов — осы өлеңнің авторы.

Еңсеңді көтер! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңсеңді көтер! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадіржан Алдахов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңсеңді көтер! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер