НЕ ЖАМАН?
НЕ ЖАМАН?...
Не жаман деп сұрасаң,
Айтайын саған жаманды.
Сөзімнің байқап астарын,
Ақылға толтыр санаңды.
Ми болғанмен басыңда,
Істемесе сол жаман.
Істегенмен пайымсыз,
Ақылсыз болса ол жаман.
Ұзақ тыныш жолыңнан,
Жақын қауіп жол жаман.
Өзгенің алыс ұлынан,
Қайрымсыз болса тіл алмас,
Өзіңнен туған ұл жаман.
Абайсызда құласаң таязда болса құз жаман,
Анасына сөз бермей,
Жағаласқан қыз жаман,
Дәм бермесе тамаққа,
Ақ болса да тұз жаман,
Арақадан өтіп сал етсе,
Жаз болса да сыз жаман.
Қырау шалса егісті,
Ерте түскен күз жаман,
Жүрекке жылу бермейтін,
Ауыздан шыққан сөз жаман,
Кебендікке бұйырса,
Ақ та болса бөз жаман,
Аяқ астын көрмесе маңдайдағы көз жаман.
Күйеуін құрмет етпесе,
Жанында жатқан жар жаман,
Көш соңынан ермесе,
Түйеден шыққан нар жаман,
Көлеңкесі болмаса,
Тарбайғанмен тал жаман.
Айтарға ақыл болмаса,
Ақсақалды шал жаман.
Ұлдарда ақыл болмаса,
Атадан қалған мал жаман.
Тәрбиесіз өскен қыз,
Келін болса сол жаман.
Созғаныңа жетпейтін,
Келте болса қол жаман.
Ұстауға қолың келмесе,
Жылқыда өскен жал жаман.
Адамнан ар қашпаса,
Келмейді басақа зар-заман.
Иманысыз болса адамзат,
Дүниеде сол жаман.
Аққусыз айдын болмаса,
Тынық та болса көл жаман,
Тілі мен дінін ұмытса,
Ертеңі жоқ ел жаман.
Жаныңа жайсыз болса егер,
Жай ессе де жел жаман.
Жанарыңды жапса егер,
Көзді басқан шел жаман.
Құранда харам етілген,
Мас қылатын су жаман.
Сөзінде тұрақ болмаған,
Жылмыңдаған қу жаман.
Саясыз болса мәуесіз,
Қалың орман ну жаман.
Адамдар жаман болмаса,
Жаман емес бұл заман.
Өзгерді тек адамдар,
Баяғы заман сол заман.
Модератор
Авторы өзім - дегенді де басу керек.
Қаламды басып жөндеуге болады.