Қазақтай ел қайда? – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қазақтай ел қайда?» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 4837
Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда?
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда,
Киелім!

Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін!
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!

Қайырмасы:
Күлімдеп жатқан көлден,
Көкорай шалғын белден,
Құбыла соққан желден
Айналайын!
Тілегін тәңір берген,
Қасиет қонған елден,
Ел үшін туған ерден
Айналайын!

Болмасаң өзің айбарым,
Мұратқа жетер ме ем?
Түспесін төмен байрағың,
Төбеңе көтерген,
Киелім!

Ғасырлап күткен армандай,
Тербеген асқақ ән –
Ұлыңа, Алла, жар болғай,
Елімді бастаған,
Киелім!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері