Байменов Айдарбайға айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Байменов Айдарбайға айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Қадырдан құдам еді Ұлтай Сайым,
Оған ет салыпсыңдар білмей жайын.
Ордерін өткен айда алған екен,
Әр нешік тоқсандағы төлеп пайын.
Өтініш оның үшін айтып отыр,
Шырағым шырқыратпай тап ыңғайын.
Қарызын үкіметтің өтемесе,
Қиқарсып құдам еді деп неғылайын.
Сөзімді екі етер еді деп ойламаймын,
Болған соң әрі іні, әрі қайын.
Ағаның айтқанына қас қақпасаң,
Басында бақыт құсың тұрар дәйім.
Деген бар құдалықтан күн кетпейді,
Қой демеймін қатыныңның да мінсең майын.
1931.
* * *
Тоқаңа "тап жөнін" деп он сом бердім,
Әр қалай әулеті ең деп кемеңгердің.
Қызғындап қызметке кетті өзі,
Халқына қадырлы үшін қайбір жердің.
Қуаныш қалайда да қылдым бұған,
Тұттым да түбетегін текдар ердің.
Басшыны бала санап жұмсаған соң,
Арман жоқ абыройын алдым тердің.
Соң келіп сұсты ерлерді сопандатқан,
Айтыңдар мендей жанды қайда көрдің?

1931.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері