Ғашық жүрек
Жүрегімнің дүрсілі,тыңдашы мені мұқият,
Сені қолай сүйгенім бұл шынайы ақиқат.
Өмір мәнім,құлақ сал тұла бойыңмен,
Ойлап тұрмын сені,дәл қазір,бар ойыммен.
Мен өз ойымша ақын екенмін,
Сахараға қар жауды десе, сен сенермедің?
Көлеңкең саған дұрыс жол сілтеп тұрса,
Сен соған ерермедің?
Қайдам,білмеймін,
Өз басым ақын екеніме сенбеймін.
Мына өлеңдерден неге сені іздеймін,
Іздеймін,сағынып күдер үзбеймін.
Сәулем-ау,қарап қойшы маған бірақ рет
Жүректегі ойларым кетсінші-ай,
Жан-жақтарға тентіреп.
Маған қарап жымиып,жай күліп ед,
Жүрегім енді махаббатқа жүгінет.
Аппақ қардай,адал менің аруым,
Сенсің ғой менің бұл өмірдегі дәруім,
Мендегі мұздықты еріткен,
Сенсің менің алау оттай жылуым.
Мейлі,қарсы тұрсын маған бүкіл ғалам,
Мен сені өмір мәнім деп бағалағам.
Көңілімнің көктемі,күлші қане жадырап,
Мендегі қара түнек кетсінші тереңдерге құлдырап.
Сыймай тұрмын,мінекей өз ішіме
Саған үнсіз сүйем дедім бірнеше,
Алып қыран ем байқасам күні кеше,
Дәрменсіз болдым міне,езіле.
Менің теңдесі жоқ сұлу күнім,
Өзіңе деген сезімімді осы шумақтардан түсіндім.
Айдың нұрындай сәулелі жарығым,
Өзіңсің менің қуанышқа толы тағдырым.
Ойымда бір алып күш бар жасырын,
Сен жүрегіме енген сәттен бастап асылым,
Қарап тұрсам толқындайын тасыдым.
Сенсің менің ессіз сүйген ғашығым.
Неліктен мұншалықты өзіңе байландым екен,
Сағынышын осы жүрек қояр мекен,
Сағынам сені бір секунд өтпес бұрын,
Өзгелерден қызғанам мен айдың нұрын.
Су сепкендей басылмайды қорықпа менің сезімім,
Жай ғана сен шынайы екенін іштей отырып сезінгін.
Құлпырған әсем бақтағы,ақ гүлім,
Саған жетелейтін ғажап сол үнің,
Арманға толы бір уайымдардай,
Менің қазір бағам,шаң басып қалған көне бұйымдардай.
Қиналдым сағынып сені әбден,
Келіп босатшы мені бұл түнектерден.
Неге екен махаббат осылай,
Айтуынша қос ғашықтар өтеді екен қосылмай.
Тағдырдың есіткелі бұл заңын
Жүрегіме жұмбақтайын ой салдым.
Өзгертем мен шешілмеген бұл түйінді,
Ақ құсым дем бер маған,
Жүрегім шынайы бір күйінді.
Сен де қол ұшын бер шығу үшін,
Махаббаттың биік шыңына,
Қос ғашық қосылады деген,
Бұл жаңа формула.
Тыңда мені бүкіл ғаламат . . .
Махаббатқа қарсы күшті жеңді,
Шынайы ғашық АЗАМАТ !!!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі