Энциклопедия – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Энциклопедия» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1210
Саусағымды қаусатады кейбір дос,
Ендің – деп – сен, «Энциклопедияға».
Құттықтауына, әрине, көңілім хош,
Бірақ өмірім жарты бетке сия ма?!
Қалдың, – дейді достарым,– сен мәңгіге,
Болмас па екен онда өзгеге обал?
Бұнда да емес, бірақ, әңгіме,
Қадырың кетсе, дүниеден жоғал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері