Бəрін кеш ұқтым
Мен қазіргі таңды атырып отырмын жалғыз
Неге ? Не үшін біздер қосылмайтын жанбыз
Түнді түн демей,күнді күн демей,
Теңіз,көл,шөл кешсем де неге қайырылмайтын жансыз
Таң қалмаймын енді күйреп тұрса жүрегім
Негізі тек сол бір жан үшін жүдедім
Сол сәт қайта оралса екен тілегім
Сен қатты жауған сол есік алдында күтемін
Мен ғашықпын ессіз сезімге ерік берген
Сен едің жалғыз мендегі мұздықты ерітіп көрген
Ұстама еш сезімнің гүлін қолмен
Ұсынсаңшы тек жүректің лүпілімен
Сен дұрыс жасадың мына оқиғалардың барлығын,
Әйтпесе білмес ем махаббатқа деген орынның тарлығын.
Өзіңді еш айыпты етпе жарық жүзді жарқыным,
Көрерсің мүмкін жеңермін,сен жіберген теңіздің толқынын.
Сүйемін әліде,құлатып кетседе,жар құздан
Мына жауапсыз сезімім қазір ащы ғой тұздан.
Сенсіз қалай жылынам мына қабат-қабат мұздан,
Еш болмағанда тұрғызып кетсеңші терең құздан.
Шимақталған парақтар болмайды енді бөлмеде,
Менің музам кетті айналып қайта келмеуге
Ол сөз берді маған енді мән бермеуге,
Мен не үшін неге ойлап отырмын оны . . . . .Еххх
Негізі сезімнің мәңгі болуы үшін,оны жасырып көрсетпеуге тырысу керек екен.Дәл осы жайытта менің есіме бір қызыққа толы махаббат ертегісі түсті.....
Мен сені сүйем немесе сені жақсы көрем деген сөздерсіз жай іс қимылымен білдіріп қоятын сезім жайлы ......
Жай ғана көзге қарап жүректегісін түсінетін,айтар ойын айтпай турып біліп қоятын,бір көргеннен барлық жайыттарды аңғаратын сезім жайлы.....
Қызғаныштан бақыт маңызды болатын,өткен күнінен келер болашақ маңызды болатын,өзгелерге тамсанып қызығудан аулақ,өзіндік ерекшелігі мол,бақытқа толы сезім жайлы.....
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі