Колхоздасуға айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Колхоздасуға айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1392
Біріккен шаруа колхозға,
Пұлынан мұның тартынба.
Мұқтажыңды түгендейді,
Бес жылдық жоспар шартында.
Жолбасшың өңшең мамандар,
Бірлікке түгел қараңдар.
Ортаңда үгіт айтқанды,
Өздеріңе санаңдар.
Табыңа кедей байқас бол,
Жүрмесін жауыз адамдар.
Оқысаң әйел өз пайдаң,
Ойланбаңдар деп қайдам,
Ел әйелі надансың,
Оқығандар мәз-майрам.

1931.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері