Ауыл кеші – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ауыл кеші» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 943
Кеші қандай ауылды думандатқан,
Төсі қандай даланың жырлап жатқан.
Мамыр, Баян, Қыз Жібек – бәрі осында,
Мың бұралып үкісін бұлғаңдатқан.

Қайырмасы:
Ей, ауылым, ауылым,
Айналайын, бауырым.
Сырнайлатқан,
Нұр жайнатқан,
Тарқамасын сауығың!

Жарасымды жастардың сырласындай,
Жүрек назын шертеді гүл жасырмай.
Қозы Көрпеш, Төлеген, Қалқаманы –
Шаңырақтың шайқалмас тұлғасындай.

Қайырмасы.

Дархандық пен даналық дастанындай,
Дастарханы – береке бастауындай,
Тамылжыған әр кеші әнге толы,
Аспан бар ма ауылдың аспанындай?!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері