Ашамай

Бұл бетте «Ашамай» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.02.2020
  • 0
  • 0
  • 1096
- Таралғысы тым қысқа,
Ерге ұқсас бұл нұсқа –
Ашамайың, мінеки, -
Деп әкеліп берді ұста.

Түсіне алман мәнін көп,
Бәрі жұмбақ көрінбек.
Жымияды атам жай:
- Ашамайың керім! – деп.

Ер жолымен бабаның,
Салтыменен даланың,
Атам арнап жасатқан
Ері екен бұл баланың.

- Торы тайыңды ерттейміз,
Жолға ешкімді ертпейміз.
Алла жазса, - дейді атам, -
Көрші ауылға беттейміз.

Жайын ойлап атымның,
Басымды оймен қатырдым.
Түніменен дөңбекшіп,
Таңды әзер атырдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашамай өлеңінің авторы кім?

Арасанбай Естенов — осы өлеңнің авторы.

Ашамай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашамай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арасанбай Естенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашамай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері