Кешірім – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Кешірім» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2051
Ғашық болған Еңлікті Кебекті –
Қоғам заңы қорғамаған себепті –
Заманының кешірімсіз бір биі,
Құйрығына аттың байлап ез етті.
Кешіру не, қаталдық не – білеміз.
Ой тоқтатпай өмір сүріп келеміз.
Жалғыз қалған, жарты қалған көп неге,
Ерлі-зайып болсадағы ол егіз.
Қатты күлсе шапалақтап баланы,
Сәл зат үшін беттен алып ананы –
Неге ғана кешіре алмай жан досты,
Болмашыға жыртысамыз жағаны?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері