Ыстық-Ата өзені

Бұл бетте «Ыстық-Ата өзені» атты Сайын Назарбекұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1114
Басып-жаншып бір-бірін аласұрып,
Ақ толқындар асыққан жан ұшырып.
Көрінгенмен сұрапыл, соқыр күш боп,
Дейді, байке, бұнда да бар тіршілік.
Тіршілігі – алтындай балығы бар,
Суын ішсең денеңе дарыған нәр.
Мәңгіліктің белгісі бұл өзенде,
Толқын соғып әндеткен қойтасы әр.
Даусын тыңда, қарағым, бұл өзеннің,
Тауына шық, қабылда күннің көзін.
Алтын тамыр қазып же, қымызын іш,
Сонда толар бойыңа жастық сезім.
Араладым армансыз шыңын, құзын,
Таттым талай қырғыздың дәмін, тұзын.
Қайттым елге, сезіммен көкіректе
Қоштасқандай қия алмай туған жерін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ыстық-Ата өзені өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ыстық-Ата өзені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ыстық-Ата өзені өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ыстық-Ата өзені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері