Бұл бетте «Сыр ашу» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыр ашсам ба, жарылып ағымнан мен…
Күйіп-жанбан үзіліп сағынғанмен.
Табиғатым жаратқан тұйықтау ғып,
Ешкім айтпас "туғаннан қағынған ең".
Үнсіз ғана көтерем көп асқанды,
Болғаным жоқ өмірде мен "тастанды".
Қожаңдауға құмар-ақ кейбір пысық,
Бір жамылып жатқанмен көк аспанды.
Өз бөстегім көрінер хан тұғыры,
Тек ізгілік қасиет жан тынымы.–
Бар тірлікті біреулер сынап өтер,
Мақсаты не, ақылға салшы мұны.
Адамдар бар ақылмен айға барған,
Іс тындырса, әлгілер, қайда қалған?
Зәрлі жаны өмірді лайлайды,
Солар бар ғой… лайдан пайда болған…
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі