Жағымпазға – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Жағымпазға» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1296
Көресің-ау өзіңді ақылдырақ,
Қамқорсисың, әрдайым, жақынсырап.
Сипамашы арқамнан, жек көремін,
Жүрген жоқпын мен сенен ақыл сұрап.
Қу күлкіңнің мән-жөнін сезіп тұрмын,
(Жақсыменен, құдайым, кезіктіргін).
Жолыққанда көшеде кеп тұрады
Алды-артыма қарамай безіп бергім.
Түзетпеші жағамды текке менің,
Сипамашы арқамнан жек көремін.
Тітіркеніп тұрамын, қолым қышып,
Тек өзімді ақылмен шектегенім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері