Кешіре гөр айтсам егер асылық
Бұл бетте «Кешіре гөр айтсам егер асылық» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біреуі едім мен де ерке үш ұлдың,
Бірақ саған өмір талай кішірдім.
Ал сен болсаң жалықпадың түртуден,
Енді міне мінезімді пісірдің.
Болмас енді іс қылмасам тіріліп –
Ақыл-ойым, күш-жігерім бірігіп.
Сонда байқа, өмір деген ақсақал,
Көрсетермін тап өзіңе ірілік!..
…Кешіре гөр айтсам егер асылық,
Ерегескем жүргендерге басынып.
Ғұлама өмір мойындаймыз, Ұлысың,
Жығыламыз, аяғыңа бас иіп.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі