Сенек
Бұл бетте «Сенек» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оңып кеткен түсіндей ме кенептің –
Сұрғылт тартқан боз даласы Сенектің.
Шөл далада бой түзеген теректер,
Тұрарлықтай мақтануға мен ектім.
Тауын қара… көңіл күй ғып шертем мен,
Ой жүгіртші, көз суаршы ертеңмен.
Тас найзалар – әлде көкке тіреу ме,
Тас орман ба – Персопольде өртенген?
Құмын қара – дәл өзіндей үшбұрыш,
Пирамидаларындай боп Мысырдың.
Жылы құмға жамбасымды қыздыра,
Сезімімді қияға мен ұшырдым.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі