Бір танысыма
Бұл бетте «Бір танысыма» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайнап шықпай сезімнің тереңінен
Ықыласты ұқпайтын кереңің мен.
Сөнген жұлдыз ғарышта сәулесіндей,
Жалған күлкі, адамға берер ме өң?..
Дәм татамын достықтан арам ассыз,
Шын пейілге әуелден сараң-ақсыз.
Жымың-жымың жылмағай болмысыңмен
Қарсы алдымда тұрасыз, жалаңаш, сіз.
Кездескенге көз салып қарамастан,
(Көмек күтпес адамдар тыраң асқан) –
Тоқтамастан келесіз күлім қағып,
Жақындауға қалды ма жырақ аспан?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі