Өлең, жыр, ақындар

Бәсеке

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1462
Атағының жаны ашып жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның
Бiр қазақ жүр мастанып табысына.
Жатты-ау о да бесiкте тербетiле
Қалай қарап жүр солар ел бетiне?..
Бәйгi алады бiр қазақ Барбасарды
Түрiкпеннiң талатып төбетiне.
Қырсығынан сондайдың көшiм қалық,
Ал мәңгүрт жан мәз-мәйрам, төсiн қағып.
Болмайды екен күтпесем бiр күшiктi,
Бiр құлынды беретiн өшiмдi алып.
Сан таластым бiр кезде ектемдермен,
Жетпей тiлiм қорланып көктенген мен.
Ендi еш алам өлеңмен өз тiлiмде
Өзге тiлмен өзiмдi секкендерден.
Бәстесемiн – озамын бәрiнен де,
Тарихтың, табиғат нәрi менде.
Қазақ атам қалпына қайта түсер
Бойдан иiп беретiн бәрiн елге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәсеке өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Бәсеке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бәсеке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәсеке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері