Халық әні – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Халық әні» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1109
Ән тыңдап неге жылайды?
Сезбейдi-ау аққан көз жасын.
Тағдырға налып, мұңайды,
Тұлпардан тайлар озғасын?
Батады бiреу тереңге,
Тарта ма ойдың жетегi?
Меңiреу… өзi керең бе?
Өмiрден сол кез шет едi.
Қалғандар кiлең қаталап,
Мейiрiн әнмен қандырар.
Соғылған кезде шапалақ,
Сатыры естен тандырар.
Атаның әнiн тыңдашы,
Жайлылау жанға өзгеден.
Атаның әнi – үн басы,
Керемет, шiркiн, сөз деген.
Әндерде сиқыр сыр бар ма,
Болмысың жұмсап, елтидi,
Қапаста қалған сырларға
Ашылып сандық, жел тидi.
…Тән тозсын, әнiң тозбасын,
Әнменен баста жол басын.
Шерлердi қатқан қозғасын,
Шоқ болып жiгер қоздасын…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері