Асыл арман
Бұл бетте «Асыл арман» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көп iздедiм, таптырмайды, ал бiрақ
Үмiт-отқа талай күйдiм албырап.
Жарты ғасыр жолым аздық еткендей,
Алыста тұр әлi-әлi ол жырақ.
Соқпақпенен, соқпақсыз да жүрдiм мен,
Қол бұлғадың, шаршағанда бердiң дем.
Саған, саған, асыл арман, жеткенше,
Аңсай берем, үмiт отын сөндiрмен.
Қалғанынша қайран жүрек-тоқтап дем,
Өле-өлгенше iзеймiн жоқтап мен.
Асыл арман, жол таппасам баратын,
Жетем саған өзiм салған соқпақпен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі