Аптапта – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Аптапта» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 988
Кездестірмей бұрын мұндай аптапқа,
Жүр екен-ау құдай талай сақтап та.
Туған жердің табиғаты ғажап деп
Өжектескем талай қорғап, жақтап та.
Кетеді екен ми дегенің былқылдап,
Көз қарайып, көмей кеуіп, үнсіз ғап.
Е батырым, астаналық, қалай деп,
Құрдас қатын әзілдейді, сылқылдап.
Жаңа үйленген жас жігіттей, ғажап-ай –
Көптен бері кешті асыға күткенім.
Әзіл аптап – о да жанды мазалай,
Күйіп-жанам, шыдамды едім, мықты едім.
Адал кісі атанған ем мен деген,
Көзге түскем батылдықпен, ерлегем.
Арамдығым, өзім сезбес, болса егер
Кетсе, шіркін, осы шыққан терменен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері