Қара нар, қара жусан – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қара нар, қара жусан» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2241
Жарамайда жiбек мата төсекке,
Ал тозғанда жабулыққа есекке.
Жамап-жасқап жасыратын иiндi
Бөз бен шыт қой, арзанқолдау десек те.
…Амалсыздан көндi ме өмiр тезiне,
Мүмкiн, әлде өз еркiмен сөзiне,
Мақсат етпей жарқылдауды жiбектей,
Ұқсап кеткен қазақ атам бөзiне?
Көнбемiз ғой өзгелердi сөкпейтiн,
Өз ұлына орынсыздау өктейтiн.
Қара нары қазағымның дәл өзi –
Мiну үшiн бiр ауыз сөз – “шөк” дейтiн.
Жұмсақ иiн, әдетi жоқ кектейтiн,
Көршi-қоңсы арын әсте төкпейтiн.
Қара жусан қазағымның дәл өзi –
Үсiп жатып, жанып жатып көктейтiн.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері