Ауыл жыршысы – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ауыл жыршысы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1109
Әлi есiмде, әңгiмешiл кiсi едi,
Тыңдататын, түртiп қалып “е деш” деп.
Өткiр көзi өңменiндi теседi,
Қарағанда саған да ендi кезек кеп.
Перен жыршы, күмiс көмей, ақ таңдай,
Қыртыс-қыртыс, сай-салалы жақ, маңдай.
Жұтқыншағы жұтынбай-ақ бұлтылдап,
Айтқан сөзiн өзi жұтып жатқандай.
Сен жыршының “ей, ейлейтiн” кезiн ұқ,
Көзi аспандап, шалқалақтап, шегiнiп…
Содан кейiн күмiс сөздер көмейден
Ағылатын түйдек-түйдек төгiлiп.
Жыр тыңдайтын ауыл кешке демалып,
Ал жыршымыз көзi қайнар сел анық.
Ащы айқайын жөнелетiн, жарықтық,
Алты қырдың аржағына жел алып!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері