Бұл бетте «Сұраңдаршы сүйінші» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
20.03.2020
0
0
1802
“Сүйiншiлеп” атой салмас осы күн,
Ұмытқан-ау әдет-ғұрып жосығын.
Ұрандатып келе жатса бiр бала,
Шабар едiм қапталдаса қосып үн.
Тойшыл халық болатынбыз бiз деген,
Табылмай ма жоғы қазiр iздеген?
“Сүйiншi!”-деп шығар ақыр алдымнан –
Мен бiр жанмын күдерiмдi үзбеген.
Мiнгiзген бар сүйiншiге жорға сый,
Балаларға асық берсең – ол да сый.
Сұраңдаршы менен, достар, сүйiншi,
Қимасымды қияр едiм, оллаһи!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі