Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім» атты Сайын Назарбекұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2813
Ақ отау, Атамекен, ақ бесiгiм,
Қалай деп ат тақсам да – тәттi елiмiң
Ата-анам алғаш к зiн өзi де ашып,
Өзi де өмiр “иттiң” жапты есiгiн.
Өзiңе арнап сезiм жадырадым,
Ұлыңның бiр кез мүмкiн таныр әнiн.
Тiрлiкте жан-қанымды сарқып берем
Шайқалып кетпесiн деп шаңырағың.
Ақ бесiк, Атамекен - әнiм, өлең,
Төсiңде арман iздеп жанып өлем.
Әр тасың, топырағың суарылған
Жасы мен Ата-бабам қаны менен.
Бiр сәтiң басқа жердiң күнi мен тең!
Топырақ Ата-бабам күлi ме екен?
Ақ бесiк, ақ отауым аяласа,
Армансыз бұл өмiрде күлiп өтем!
Бар ақын өзiңнен бастар әнiн,
Тәнiнде, сенiң нәрiң, жас баланың.
Қасиет тула бойың – Атамекен,
Басуға кейде тiптi жасқанамын!…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері