Кім кінәлі
Бұл бетте «Кім кінәлі» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талақ қылдым, несiне жасырайын,
Боқтап берген құрысын насыбайың.
Кiсiлiктiң жағдайын ойлағанда
Қалай ғана желкенi қасымайын?!
Көрдiк талай сараңды, сұңғыланы,
Шаттығыңды iштарлар мұң қылады…
Менiң кiнәм – жоқшылық, сұрағаным,
Ренжiп жүр сол үшiн құрбым әлi.
Өремдi сол кедейлiк өлшетпедi,
Қуанышы ем барымды бөлсек, тегi.
Көрсетпесе қызартып – сұрамас ем,
Кiнәсiнiң үлкенi – көрсеткенi.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі