Ізетшілік – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ізетшілік» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1035
Ең асыл не? – Ол деген iзетшiлiк!
Бар жаһанға жүретiн тiлек тiлеп –
Ол асыл жан! Табиғат берген оған
Жақсылыққа жаралған жүрек – тiлек.
Сүрiнгенде көргенде тұра қалар,
Жанға жайлы, сезiмтал ғұлама бар.
Қолдан келмей, дәрменi жетпей жатса,
Өкiнiштен опынып жылап алар.
Сәл ауысса, пенде ғой, түзеп шығып,
Iстейтiнi қайырым, iзетшiлiк.
Сондай жанды әлемге жария ғып,
Қойса, шiркiн, өмiрге күзетшi ғып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері