Шала
Бұл бетте «Шала» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тiл - елiмнiң мұрасы сан ғасырлық,
Жыр тыңдадым iңiрдi таңға асырып.
Иiсiм шығып тұрады қазақылау,
Құрттайымнан кеткесiн қанға сiңiп.
Кейбiр “шала” шалқиды әлiн бiлмей,
Санар өзiн жалынға кәдiмгiдей.
Тiлi бықсып, көкiрек ыс-ыс болып,
Күл боларын бiлмейдi-ау жалын көрмей.
Соңдай бейбақ бисiнбек, ақынсымақ,
Ақыл айтар баршаға жақынсырап.
Шүлжiң тiлдi, шала арлы пысықайлар
Күн көредi көбiңнен тақыл, шырақ.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі