Бұл бетте «Елудегі “жас ақын” сыры» атты Сайын Назарбекұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Көкшіл теңіз… толқындарға жарылып, Көздің нұры шексіз бұлттан жалығып. Бір пәлені сезгендей ме мына тұт, Дірілдейді қара терге малынып.
Осы өмірден өз орныңды алдың ба? Сәулеленіп арман тұр ма алдыңда? Жүре беріп сілтеуімен біреудің Әлде шығып өз жолыңнан қалдың ба?
Кезі болар адамның сағынатын, Бірақ арман алыста не ғыласың… Ауған шақта ниетің аңсарыңа, Сағыныштың сезесің мағынасын.
Хабарлама
INFO
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі