Атам тайға мінгізді – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Атам тайға мінгізді» атты Серік Әкірамұлы жазған ата туралы өлең берілген.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1388
Атам тайға мінгізді,
Тізгін берді қолыма.
Қолға қамшы ілгізді,
Шық деп өмір жолына.
Тайым мөңкіп тулады,
Қыстым қатты тақымды.
Ұшқан құстай зулады,
Жықпақ мендей «батырды».
Оңғара көр, – жолын деп,
Сиынып тұр апам да.
– Міне жігіт болды, – деп,
Мәз болады атам да.
Таскенеше жабысып,
Тізгінімді тартамын.
Келем менде намыс қып,
Сезем үміт артарын.
Аралап бел, сайымды,
Келдім біраз жол жүріп.
Бастықтырдым тайымды,
Қалды әбден болдырып.
Атам берді батасын:
– Адалдыққа құштар бол.
Азамат – деп атасын,
Ел тізгінін ұстар бол!

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері