Өлең, жыр, ақындар

Болмасаң да, ұқсап бақ

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 6678
Ұлы Абайдай хакім бол,
Сүйінбайдай ақын бол.
Елін, жерін қорғаған,
Қабанбайдай батыр бол.
* * *
Ақиқаттан танбаған,
Би бол елге, жан балам.
Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Дана жолын жалғаған.
* * *
Қуантатын халқыңды,
Өнер үйрен сан түрлі.
Қажымұқандай палуан бол,
Әлем білсін даңқыңды.
* * *
Терең білім ала біл,
Дәрілік шөп дала бұл.
Өтейбойдақ бабаңдай,
Дертке шипа таба біл.
* * *
Ұрпағы сен тектінің,
Елім деп тер төк, күнім!
Спортшы бол даңқты,
Желбірет ел көк туын!
* * *
Құрметтеп ел қарсы алған,
Өлең жазып, ән салған.
Өнерпаз бол, қарағым,
Талантына ел тамсанған.
* * *
Маңдай тері таматын,
Зәулім үйлер салатын.
Құрылысшы бол, еңбекпен,
Елден алғыс алатын.
* * *
Аралайтын даланы,
Аралайтын қаланы.
Журналист бол, ойы ұшқыр,
Жазар жүйрік қаламы.
* * *
Ізгілікті теретін,
Перзентіндей көретін.
Ұлағатты ұстаз бол,
Тәлім, білім беретін.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк байрақ

  • 0
  • 0

Арғымақ мініп, ту алған бабам,
Үміт үзбеген ұлы армандардан.
Көк туым биік асқақ тұр бүгін,
Арылып шер мен мұнардан далам.

Толық

Атам тайға мінгізді

  • 0
  • 0

Атам тайға мінгізді,
Тізгін берді қолыма.
Қолға қамшы ілгізді,
Шық деп өмір жолына.

Толық

Күй

  • 0
  • 0

Құрманғазы – күй атасы алыбым,
Алты алашты мойындатқан дарының.
Халқымыздың тарихынан сыр шерткен,
Күй арқылы шежіремді таныдым.

Толық

Қарап көріңіз