Көк байрақ – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Көк байрақ» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 7318
Арғымақ мініп, ту алған бабам,
Үміт үзбеген ұлы армандардан.
Көк туым биік асқақ тұр бүгін,
Арылып шер мен мұнардан далам.
Көк туым жыры Еркіндігімнің,
Қырандай елім серпілді бүгін.
Қолға ұстап туды Отан деп айтқан,
Бұза алмас ешкім сертімнің бірін.
Көк туым – тірек, сүйініш маған,
Туған ел туын сүйіп ұстаған.
Алтын шапақты күннің астында,
Қыраннан басқа биік ұшпаған.
Атқанда азат мөлдіреп таңы,
Уілдер сәби, елжіреп кәрі.
Қастерлі кием, намысы елдің,
Көк туым тұрсын желбіреп мәңгі.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк байрақ өлеңінің авторы кім?

Серік Әкірамұлы — осы өлеңнің авторы.

Көк байрақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк байрақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Әкірамұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк байрақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері