Ұлы далам – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Ұлы далам» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1648
Ұлы далам –
Шежіре жыр, тұнған ән,
Сазыңа әлем құлақ түріп тыңдаған.
Адамзатта сенсің тұңғыш ат мініп,
Сары алтыннан сауыт киген дүр бабам.
Түп тарихын тасқа басып алғашқы,
Қанша ғасыр, қанша дәуір алмасты.
Күлтегіннің өр рухы ұрпақпен,
Мәңігілік ел мұратына жалғасты.
Бабамызға сұңғылалық болып тән,
Табиғаттың тылсым сырын мол ұққан.
Бабам алғаш саз аспабын жасаған,
Бабам алғаш қара металл қорытқан.
Әлдиінен қанат қаққан анамның,
Әуеле енді ұлы сазы бабамның.
Күйі тербеп, әні көкте шалқысын,
Қасиетке тұнған Ұлы даламның.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері