Астана – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Астана» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1570
Көшім озды басқадан,
Атты елдің бақ таңы.
Арқадағы Астанам –
Алты алаштың мақтаны.
Бәйтерегім тұр биік,
Тұғырлы елдің ертеңі.
Бейбіт күнім нұр құйып,
Шаттық күйін шертеді.
Тарихымның сан алуан,
Тағылымын ұқты мол.
Бостандыққа жаралған,
Бірлігіңе мықты бол!

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері